«Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбындағы «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирі бастау алды

«Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбындағы «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирі бастау алды

2024 жылғы 28 қыркүйекте «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында «JasREPUBLIC CUP» аймақтық пікірсайыс турнирі басталды. Бұл шараны *«Respublica»* партиясы, *«Назарбаев Зияткерлік мектептері»* дербес білім беру ұйымы және *«Ozgerteam»* қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырып отыр.

Абай облысы бойынша өткен іріктеу кезеңіне 35 фракция жолдама алды, оның ішінде 25 фракция қазақ лигасында, ал 10 фракция орыс лигасында бақ сынайды.

«Осы бастаманың басты мақсаты – жастардың зияткерлік қабілеттерін ашу, білімге құштарлықтарын арттыру және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу», – деді **Respublica* партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш. Ол пікірсайысқа қатысушы жастардың шығармашылық және шешендік өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Бұл пікірсайыс турнирі – өңірдің үздіктерін іріктеу арқылы Республика күніне орай алғаш рет өтетін ұлттық турнирге жолдама алу мүмкіндігін береді. Турнирге қатысқан ең мықты командалар алдағы жарыста өңіріміздің намысын қорғайтын болады.


#Қазақстан, #"Таза Қазақстан" акциясы