Әйелдер қанатының атқарған жұмыстарының басым бағыттары талқыланды

Әйелдер қанатының атқарған жұмыстарының басым бағыттары талқыланды

“AMANAT” партиясы Абай облыстық филиалы: жанындағы Әйелдер қанатының отырысы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жиынға Әйелдер қанатының кеңесшісі Әйгерім Смағұлова және түрлі саладағы белсенді қыз-келіншектер қатысты. 

Олар қоғамдағы белсенділікті арттыру мақсатында құрылған әйелдер қанаты атқаратын 10 басым бағыт жайлы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.  
2025 жылға жоспарларымен бөлісті.  Сонымен қатар, Партиялық жобаларды жүзеге асыру барысы баяндалды. Айтуларынша, “Қарызсыз қоғам” қаржылық сауаттылықты арттыру курстарына қатысушылардың көбі әйелдер.
Сондай-ақ, “Ауыл аманаты” жобасы аясында жеңілдетілген несиелерге өтініш бергендердің де көпшілігі әйелдер.  Бұл олардың кәсіппен, ауыл шаруашылығымен айналысулары барысында  табыстарын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

"AMANAT" партиясының Әйелдер қанатын құру мен дамытудың мақсаты - қазақстандық әйелдердің гендерлік теңдік қағидаттарын жүйелі ілгерілетуге, оларды елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріне тартуға бағытталған күш-жігері мен бастамаларын партия қолдауымен біріктіру .


#Абай облысы, #АМАНАТ партиясы