«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы – баршаға тең мүмкіндік

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы – баршаға тең мүмкіндік

Курчатов қаласында «Кедергісіз келешек» жобасы жалғасуда. Жоба аясында Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Вера Пронина мен филиалдың атқарушы хатшысы Елена Гулькова мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасына барды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Қалада бүгінде 183 ересек және 44 ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Партия өкілдері олардың өмірін жеңілдету үшін инфрақұрылымды жақсарту, білім мен жұмыстың қолжетімді болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осындай балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауды басты назарда ұстап келеді.

– «Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін бақылап отырамыз. Биыл 8 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның төртеуі қазірдің өзінде дайын. Сонымен бірге, Мансап орталығымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға жағдай жасап отырмыз. Қазіргі таңда қалада жұмыс іздеп жүрген азаматтар жоқ», – деді Елена Гулькова.

Әр отбасына көрсетілген қамқорлық – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айғағы. «AMANAT» партиясы үшін басты мақсат – ешкім шетте қалмайтын, кедергісіз әрі әділетті қоғам құру.


#Абай облысы, #АМАНАТ партиясы, #Курчатов қаласы