Аспалы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Аспалы көпірде жол төсемін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты, қаланың сол жағалауынан оң жағалауға қарай қозғалыс 27 қыркүйек сағат 14:00-ден 28 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін шектеледі,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қозғалыстың шектелуіне байланысты баратын бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз,делінген ақпаратта.