Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды

Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде су тасқынының алдын алуға дайындық және еңсеруге арналған кеңес өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Іс-шара комитет төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаевтың, сондай-ақ, ҚР ТЖМ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кеңесте су тасқыны қаупі жоғары Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Ғалымжан Өтенбаев барлық қатысушылардың келісілген күш-жігеріне қолдау білдіріп, алдағы су тасқыны маусымына дайындық үшін бірігіп атқарылған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар инфрақұрылымды жақсарту және жол қозғалысының сенімділігін арттыру мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.

Кеңестің барлық қатысушылары жолдардағы қауіпсіздік пен жайлылық мүддесі үшін су тасқынының алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.


#ҚазАвтоЖол, #ағын су, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"