«Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздеумен, олардың тағдырын анықтаумен, сондай-ақ архивтік және далалық зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ұйым.
Соғыс жылдары майданға аттанып, елге оралмаған қаншама боздақтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Олардың артында қалған ұрпақтары үшін «Атамның аманаты» – ата-бабаларының жауынгерлік жолын анықтап, туған-туыстарына қатысты деректерді табуға мүмкіндік беретін маңызды іздеу алаңы.
12 мыңнан астам өтініш қабылданды
Бірлестікке соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен жақындарын іздеген азаматтардан 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Соның ішінде 4500-ден астам өтініш бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
Бүгінде ұйым мамандары ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтінішті қарастырып, жауынгерлердің майдандағы жолын анықтау, әскери бөлімдері туралы мәліметтерді табу, архивтік құжаттарды зерделеу және басқа да бағыттар бойынша іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Әрбір өтініш – бір отбасының тарихы. Ал табылған әрбір дерек – жылдар бойы тағдырын күткен ұрпақ үшін баға жетпес жаңалық.
Туысыңызды іздеп жүрсіз бе?
Егер сіздің де отбасыңызда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға аттанып, хабар-ошарсыз кеткен атаңыз, әкеңіз, ағаңыз немесе басқа да жақыныңыз болса, оның тағдырын анықтау үшін «Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігіне өтініш бере аласыз.
Өтінішті төменде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы немесе арнайы әзірленген сайттың көмегімен жолдауға болады.
Сонымен қатар, бірлестіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы ұйымның іздеу жұмыстары, экспедициялары, зерттеу нәтижелері және басқа да іс-шаралары туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.
Жаңалықтардан хабардар болу үшін әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз.
Батыр бабаларымыздың ерлігі ұмытылмауы тиіс
«Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігінің басты мақсаты – соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің есімін жаңғыртып, олардың тағдырын анықтау және кейінгі ұрпаққа тарихи деректерді жеткізу.
Біздің ұйым ақысыз жұмыс істейді.
Біз үшін әрбір жауынгердің тағдыры маңызды. Ел қорғап, бейбіт өмір сыйлаған боздақтардың ерлігі ескерусіз қалмауы тиіс. Жылдар өтсе де, олардың есімін іздеу, жауынгерлік жолын анықтау және туған-туыстарына жеткізу – баршамызға ортақ тарихи міндет.
Атадан қалған аманатты бірге іздейік.
Батыр бабаларымыздың есімі ұмытылмасын!
Байланыс және өтініш беру
Өтініш қабылдаушылар:
Марфуза Сулейменова, +7-776-828-45-34 ватсап;
Сагымбаева Алия Нурпаевна 8-701-999-78-20, ватсап;
Жұмыс тел: 8-776–828-45-34.
Өтінішті осы жерде беріңіз -->
өтінішті ata-amanaty.kz сайтында қалдыра аласыз: https://clck.su/UiUwd
Фейсбукеhttps://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/ сілтемесі арқылы қосылыңыз:
- Біздің https://www.instagram.com/ata.amanaty/?hl=ru инстаграм парақшамызға жазылыңыз.





