Экономика 47 қаралымabaidan.kz

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

Республика күніне орай 17–27 қазан аралығында Семей қаласындағы сауда үйлері мен супермаркеттер желілерінде «Republic Day» және «Береке Fest» мерекелік акциялары өтуде. Тұрғындарға тиімді бағада тауар сатып алуға мүмкіндік беретін бастама аясында сауда орындарындағы жеңілдіктермен қатар, мәдени-көпшілік іс-шаралар да ұйымдастырылуда.

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

«Republic Day» акциясы қаланың 10 ірі сауда объектісінде, атап айтқанда, «Park City», «Арғымақ», «Аркада», «Жансая», «Көктем», «Мереке», «Алатау», «Ақшың», «Апрель» және «Қазына» сауда үйлерінде өтуде. Ал «Береке Fest» акциясына «Дастархан», «Small» және «ADAL SUPERMARKET» сауда желілері қатысуда. Акция аясында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 5%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылған. Қала тұрғындары мен қонақтары күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық заттарды, киім-кешек пен басқа да қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Тахмина Марленнің айтуынша, биылғы акциялар сауда-саттықпен ғана шектелмей, ауқымды мәдени шаралармен де толықтырылуда.

«Қаламыздың 10 ірі сауда үйінде, сондай-ақ “Дастархан”, “Small” және “ADAL SUPERMARKET” супермаркеттер желісінде өтіп жатқан “Republic Day” және “Береке Fest” акциялары бүгін үлкен мәдени шараға ұласып отыр. Мұнда жергілікті шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен арнайы концерттік бағдарламалар және түрлі тақырыптық көрмелер ұйымдастырылуда», – деді Тахмина Марлен.

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

Мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылып жатқан концерттер мен көрмелер тұрғындардың мерекелік көңіл күйін көтеріп, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай бастамалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің қоғамдық өмірін жандандыруға ықпал етеді.

Семейде «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары мерекелік шараларға ұласты

«Republic Day» және «Береке Fest» акцияларының негізгі мақсаты – халыққа қажетті тауарларды қолжетімді бағамен ұсыну, отандық сауда саласын қолдау және Республика күні мерекесінің мән-маңызын кеңінен насихаттау.

Іс-шаралардың негізгі ұйымдастырушысы – Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Акциялар Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен және Абай облысының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылуда.