Брюссельдегі V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы
2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында «Түркітілдес журналистер қоры» мен Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Бельгияның Inter Media Bruxselles Asbl қоғамдық қоры Брюссель қаласында «Жаһандық медиа кеңістіктегі түркі әлемі» тақырыбына V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады. Медиа форумға Қазақстан, Еуропа елдері, Түркия, Орталық Азияның БАҚ басшылары, журналистер, ақпарат және туризм саласына қатысты мемлекеттік органдар, депутаттар PR менеджерлер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, туризм саласының мамандары, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпаратық агенттігі ttjk.kz сілтеме жасап.

Түркі әлемінің медиа саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салатын медиа форумда алғашқы жалпы отырыста «Медиабизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі» тақырыбына кіріс көзін диверсификациялау: жазылымдар, донаттар, жарнама, гранттар; жекеменшік медиадағы краудфандинг; шағын және орташа даңгейдегі БАҚ-қа арналған инновациялық бизнес-модельдер; ресурсы шектеулі БАҚ-ты басқару: жұмыс процесін оңтайландыру және технологияларды тиімді пайдалану, медиа брендті дамыту мәселелері талқыланады..
«Туризм — түркі әлеміндегі дипломатия мен мәдени ынтымақтастық құралы» тақырыбындағы отырыста Медиа форумға қатысушылар заманауи «Жібек жолының» мұрасы: туризм, инвестициялар мен мәдениетаралық диалог; цифрлық дипломатия: түркі елдерінің имиджі мен әлемдік арена; гастрономиялық туризм: түркі әлемінің ұлттық дәмі; түркі мемлекеттеріндегі туризм және PR-стратегиялар туралы ақылдасады.
Соңғы кездері әлемдені барлық салаға зор ықпал еткен жасанды интеллектің медиа мен редакцияға әсері жайлы «Медианың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, жаңа форматтар» тақырыбындағы отырыста айтылады: журналистикадағы жасанды интеллект: редакция жұмысында ЖИ пайдалану: мәтін жазудан – контент қалыптастыруға дейін; Big Data және аудиторияны сараптау: табысты кейстер: жаңа форматтарды дамыту: подкаст, видеоконтент, интерактивті мақалалар; БАҚ-тағы киберқауіпсіздік: мәліметтерді кибершабуылдардан қорғау.
Ақпарат таратудағы журналистің жауапкершілігі: верификация, фактчекиң; «саржағал басылымдар» мен кликбейт: этикалық қағидалар; әлеуметтік желілердің кәсіби журналистикаға кері әсері; ақпараттық манипуляция, дезинформация мен пропаганда жайлы талқыланатын отырыстың тақырыбы: «Медиасауаттылық және журналистің кәсіби этикасы».
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде Брюссельдегі Еуропалық Парламент ғимаратында пресс тур ұйымдастырылып, депутаттармен сұхбат өткізіледі. Брюссельдегі жергілікті әкімдіктер мен көрнекі жерлерге экскурсия мен Париж қаласына пресс-тур ұйымдастырылады.
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2014жылдың 11 қарашасында құрылған. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі ашылған. Басты мақсат- қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттыру.
#медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры