Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 78 қаралымabaidan.kz

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Шәкәрім университетінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми форум өтті. «Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл: тарих, тағылым, болашақ» тақырыбындағы басқосуда ядролық сынақтардың тарихи, медициналық, экологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен талқыланды.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Форумға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, медицина, экология, ветеринария және құқық салаларының мамандары, тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – Семей ядролық сынақ полигонының тарихын зерделеу ғана емес, ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді зардаптарын ғылыми тұрғыдан бағалап, қазіргі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын айқындау.

Іс-шара жұмысы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл: тарих, тағылым, болашақ» көрмесінің ашылуымен басталды. 

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Экспозицияда полигон тарихы, ядролық сынақтардың халыққа тигізген зардаптары, сондай-ақ 1991 жылы полигонды жабу туралы қабылданған тарихи шешімнен кейін атқарылған жұмыстар қамтылды.

Көрме барысында ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі өз экспозицияларын көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар келушілерге балалардың ядролық сынақтар туралы көзқарасын бейнелейтін «Полигон 21: Әлем балалар көзімен» көрмесі таныстырылды.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Форумда Шәкәрім университетінің ғалымдары да өздерінің ғылыми әзірлемелерін таныстырды. PhD И. Карымсақов Семей өңіріндегі онкологиялық ауруларды талдау және емдеу бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған нейрондық желі негізіндегі интеллектуалды жүйесін таныстырса, PhD М. Сатымбеков екінші және үшінші буын өкілдеріндегі стохастикалық және стохастикалық емес әсерлердің даму ықтималдығын болжауға арналған ақпараттық-талдамалық бағдарлама негізіндегі жүйе туралы баяндады.Бұл зерттеулердің маңызы – заманауи цифрлық технологиялар мен ғылыми деректерді пайдалана отырып, радиациялық әсердің адам денсаулығына ықтимал салдарын тереңірек бағалауға мүмкіндік беруінде.

Хиросима мен Семей: радиациялық әсерді зерттеудегі ерекшелік

Форумның маңызды баяндамаларының бірі Хиросима университетінің Радиациялық биология және медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Масахару Хошиге тиесілі болды. Жапондық ғалым «Радиациялық сәулелену мен оның салдарын зерттеудің маңызы: Хиросимадан Семейге дейін» тақырыбында баяндама жасады.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Масахару Хоши Хиросима мен Нагасакидегі жоғары қуатты, қысқа мерзімді сәулелену жағдайларын Семей ядролық сынақ полигонындағы радиациялық әсермен тікелей теңестіруге болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Семей өңіріндегі жағдайдың өзіндік ерекшелігі бар: мұнда төмен қуатты, бірақ ұзақ уақыт бойы әсер ететін радиациялық факторларды зерттеу маңызды.Қазіргі таңда жапондық ғалым Қазақстандық зерттеушілермен бірлесіп Семей полигоны аумағындағы радиоактивті микробөлшектердің адам денсаулығына ықпалын зерттеуге басымдық беріп отыр. Әңгіме ядролық жарылыстар кезінде атмосфераға көтерілген радиоактивті тозаң мен ұсақ бөлшектер туралы болып отыр.

Ғалымның пікірінше, бұған дейінгі зерттеулердің басым бөлігі сыртқы сәулелену дозасын бағалауға бағытталған. Ал радиоактивті тозаң мен микробөлшектердің адам ағзасына түсуі және олардың ұзақ мерзімді әсері әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Хиросима мен Нагасакиде жүргізілген көпжылдық зерттеулер радиациялық дозаны дәл бағалаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Семей полигоны жағдайында да төмен дозалы, ұзақ уақыт әсер ететін сәулеленудің және радиоактивті микробөлшектердің адам ағзасына ықпалын зерттеу өзекті ғылыми міндет болып отыр.

Полигон жабылғаннан кейінгі ғылыми жұмыстар

Форум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік және экология институты директорының орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Андрей Паницкий Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін атқарылған жұмыстарға тоқталды.Ғалымның айтуынша, полигон жабылғаннан кейінгі негізгі міндеттердің бірі – ядролық сынақ инфрақұрылымын жою, ядролық және радиоактивті материалдардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ аумақтың радиациялық-экологиялық жағдайын кешенді бағалау болды.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Осы бағытта полигон аумағында тұрақты радиациялық зерттеулер жүргізіліп, ықтимал қауіпті нысандар анықталды және оларды жою бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды.Қазіргі таңда зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі – радиоэкология және радиациялық қауіпсіздік. Мамандар радионуклидтердің қоршаған ортада таралуы мен миграция ерекшеліктерін зерттеуде. Зерттеу нысандары топырақ пен өсімдік жамылғысын, су экожүйелерін, оның ішінде жерасты суларын, атмосфералық ортаны және адамның тағамдық тізбегін қамтиды.Сонымен қатар радиациялық факторлардың адам денсаулығы мен тірі табиғатқа әсер ету тәуекелдерін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді.Андрей Паницкий ғылыми жұмыстардың тағы бір маңызды бағыты радиациялық жағдайды бағалау әдістерін жетілдіру екенін атап өтті. Бұл ретте аналитикалық зерттеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру, радиациялық көрсеткіштерді сандық бағалау, сондай-ақ қоршаған ортаның радиациялық параметрлерін далалық жағдайда анықтау әдістерін дамытуға басымдық беріліп отыр.

Адам денсаулығы, мал шаруашылығы және құқықтық мәселелер

Форум барысында Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақта тұратын халықтың денсаулық жағдайын бағалау мәселесі де кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радиациялық қауіпсіздік, экологиялық мониторинг және Қазақстанның халықаралық-құқықтық міндеттемелері жөнінде пікірлер айтылды.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бұл мәселелердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі ядролық сынақтардың салдарын зерттеу тек радиация деңгейін өлшеумен шектелмейді. Оның адам денсаулығына, қоршаған ортаға, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік жағдайға ықпалын кешенді түрде бағалау қажет.Осы тұрғыдан алғанда, ғылыми зерттеулердің пәнаралық сипат алуы ерекше маңызға ие. Медицина, биология, экология, ветеринария, физика, ақпараттық технологиялар және құқық салалары мамандарының бірлескен жұмысы мәселені жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді.

Бірлескен зерттеулер – нақты дерек пен ғылыми шешімнің негізі

Форумда Семей медицина университеті мен Шәкәрім университеті ғалымдарының бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында бірлесіп жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне де ерекше назар аударылды.

Бірлескен ғылыми ізденістер барысында жинақталған нақты деректер радиациялық әсердің ықтимал салдарын тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері ғылыми негізделген қорытындылар жасауға және алдағы жұмыстардың бағыттарын айқындауға негіз болып отыр.Мұндай зерттеулердің түпкі мақсаты – өткеннің зардабын ғылыми тұрғыдан бағалап қана қоймай, алынған нәтижелерді нақты практикалық ұсынымдарға айналдыру. Бұл, ең алдымен, халықтың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және радиациялық тәуекелдерді төмендету шараларын жетілдіруге бағытталмақ.Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуы – тарихи датаны атап өтумен шектелмейтін маңызды кезең. Бұл – өткенге қайта үңіліп, одан сабақ алып, қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері арқылы болашақ қауіпсіздіктің негізін қалыптастыратын уақыт.

Хиросима, Нагасаки, Семей: радиациялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

1991 жылғы 29 тамызда Семей полигонының жабылуы Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи қадамы болды. Ал бүгінгі ғылыми қауымдастықтың алдында сол тарихи шешімнің маңызын жаңа зерттеулермен сабақтастырып, радиациялық мұраның ұзақ мерзімді салдарын терең зерделеу міндеті тұр.

Шәкәрім университетінде өткен форум осы бағыттағы ғылыми пікір алмасудың маңызды алаңына айналды. Ғалымдар мен сарапшылардың ортақ ұстанымы бір арнаға тоғысады: Семей полигонының тарихын зерттеу – өткенді еске алу ғана емес, ядролық сынақтардың салдарын түсіну және келешек ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.