Желілік басылымға ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі
Үгіт материалдарын орналастыру үшін желілік басылымға материал беру Серіктестік пен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Серіктестікпен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.
Баспасөз алаңын ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының уәкілетті адамы Серіктестікке мынадай ақпаратты көрсете отырып, Серіктестік басшысының атына жазылған өтініш береді:
1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен Құрылтай сайлауын өткізу бойынша жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;
2) жазбаша өтініш беретін уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т.А.Ә.;
3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);
4) ҚР Президенті Жарлығының және Орталық сайлау комиссиясының Құрылтай сайлауын өткізу туралы шешімінің көшірмесі;
5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;
6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс және электрондық жеткізгіште таратып жазу;
7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.
Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі
Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: abaidankz@mail.ru немесе электрондық жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: Абай облысы, Семей қ., Мәңгілік ел, 9, 406 каб, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.
Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған орган туралы ақпарат болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы аумағында Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:
№ | Қызмет | Өлшем бірлігі | Баға/тг |
1. | Мәтіндік материалдар | 1 мақала (3000 таңбаға дейін) | 25000 |
2. | Мәтіндік материалдар | 1 мақала (3000 таңбадан жоғары) | 40 000 |
3. | Сайтта ақпараттық баннерді орналастыру | 1 тәулік | 5 000 |
Тапсырыс шеңберінде дайындалған барлық материалдар abaidan.kz желілік басылымының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Қазақстан Республикасы аумағында Құрылтай сайлауын өткізуді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша
БАҒА ҰСЫНЫСЫ
сондай-ақ, аудиовизуалды өнімдерді және өзге де цифрлық қызметтерді дайындау бойынша қызметтерді ұсынамыз
№ | Қызмет | Өлшем бірлігі | Баға/тг |
1 | Мобилография форматында аудиовизуалды материалдар жасау | 1 сек | 2 000 |
2 | Жаңалықтар сипатындағы мәтіндік хабарламалар жасау | 1 жазба | 7 000 |
3 | Деректі аудиовизуалды материалдарды дайындау (4К форматында)
| 1 мин | 20 000 |
4 | Фотоматериалдар ретушімен кәсіби фотосессия / фоторепортаж (кемінде 30 фото) | 1 фоторепортаж | 70000 |
5 | Мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды материалдарды мақсатты тарату | 1 қаралым | 3 |
6 | Аудиоролик құру, ер / әйел адам дауысы | 1 сек | 5 000 |
*сома Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын қызметтер үшін көрсетілген.
** Кедергісіз жұмыс істеу үшін ЖШС қызметкерлерінің контент жасауда тәжірибесі бар, барлық қажетті техника қарастырылған.
*** аудиовизуалды материалдарды дайындау жедел тәртіппен қамтамасыз етілетін болады.
Әлеуметтік желілердегі материалдардың төлем мөлшері туралы мәліметтер:
№ | Атауы | Оқырман саны | Өлшем бірлігі | Баға/тг |
1. | @abaidan.kz | 30 мың | 1 жазба | 25 000 |
2. | abaidan.kz | 1.2 мың | 1 жазба | 10 000 |
TIK TOK | ||||
3. | abaidan.kz | 1.1 мың | 1 жазба | 10 000 |
Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«JANA MEDIA_ABAI» ЖШС есеп шотына ЖСН(БСН)/ИИН(БИН): 230440027181, «Народный Банк Казахстана»АҚ Семей қ., ЖСК/ИИК: KZ14601А261001059791, БСК/БИК:HSBKKZKX қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу.






