"Қаладан ауылға" жобасы: Жарма ауданында оң өзгерістер жалғасуда

2026 жылдың 25 наурызына дейінгі мәлімет бойынша, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен қолға алынған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы аясында, Жарма ауданына 6 отбасы қоныс аударған.

Суықбұлақ ауылдық округі – Семей қаласынан 2 отбасы.

Қапанбұлақ ауылдық округі – Семей қаласынан 2 отбасы. Белтерек ауылдық округі (8 наурыз ауылы) – Семей қаласынан 1 отбасы.

Шалабай ауылдық округі – Алматы қаласынан 1 отбасы.

Жақын арада  тағы 6 отбасы көшіп келуді жоспарлап отыр.

Бұл жоба ауылдық елді мекендердің дамуына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Қаладан ауылға көшуді таңдаған азаматтарға барлық қажетті қолдау көрсетілуде.


#Абай облысы, #Жарма ауданы, #Шалабай