Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруда,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. 
 

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне республика бойынша шамамен 13 млн. адам қатысу тиіс, оның 400 мыңнан астамы біздің Абай облысының тұрғындары.

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, яғни төртінші кезеңде азаматтардың қалған санаттары декларация тапсыруы тиіс. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясы барысында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов баяндады.

- Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі  барлық азаматтардың  "кіру" декларациясын табыс етуінен тұрады және декларацияда  жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүліктері кіреді. Декларацияны табыстау кезінде Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы тиіс. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады, - деп атап өтті Мұрат Абдрахманов.

Салық декларациясын электронды түрде және қағаз жеткізгіште (ХҚКО-ларға, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы) ұсынуға болады. Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер cabinet.salyk.kz), веб-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «Е-Salyq Azamat», Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), KaspiBank, eGov mobile мобильді қосымшасы қосылған.

- Азаматтар ЭЦҚ алуға онлайн өтінім бере алады, ал мобильді қосымшаларға ЭЦҚ-сыз смс-код арқылы кіруге болады. Қабылданған шаралар жалпыға бірдей декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда азаматтардың 99 % - ы декларацияларды электронды түрде ұсынған, - деді спикер.

Жеке тұлғалардың  көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек және мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы азаматтарға 2024 жылдың 2 сәуірден бастап хабарламалар жіберілген. Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасы басшысы Асем Тұрлыбекова атап өткендей берешегі барларға Заңнамаға сәйкес сот орындаушылар банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы
 

- 1 айлық есептік көрсеткіш (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі. Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен берешек сомасы кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін, - дейді Асем Тұрлыбекова.

Абай облысы бойынша МКД берешегін өндіріп алу мақсатында Абай облысының полиция департаментімен бірлесіп, борышкердің автомашинасының мемлекеттік нөмірін "Сергек-Қорғау"тіркеу камераларының дерекқорына енгізу жолымен борышкерлерді ұстау бойынша рейдтер жүргізуде.

- Ұсталған жағдайда борышкерге берешекті сол жерде өтеуге мүмкіндік беріледі немесе көлік құралы мамандандырылған (айыппұл) тұраққа орналастырылады. Жеке сот орындаушылар және полиция департаментімен өзара іс-қимыл шеңберінде "СЕРГЕК-Қорғау" жүйелік кешендерін пайдалана отырып, 417 рейдтік іс-шара өткізілді, 455 жеке тұлға бойынша 87,0 млн.теңге сомасында берешек өндірілді, - деп қосты Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасы басшысы.

Облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 189,2 млн. теңге сомасына 5929 салық бұйрығы жіберіліп, оның ішінде 712 салық бұйрығы бойынша 39,4 млн.теңге өндірілген.


 

- Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері борышкердің тұрғылықты жеріне, жұмыс орнына баруды жүзеге асырады, аулаларды аралайды. 15 маусымдағы жағдай бойынша көлік салығының берешегі 14367 тұлға бойынша 497,8 млн.


#декларация, #Қазақстан