ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің жағдайын жақсарту мәселесін көтерді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің жағдайын жақсарту мәселесін көтерді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің жағдайын жақсарту мәселесін көтерді.

«Мысалы, 577 интернаттың жартысы жөндеуді қажет етеді. Мемлекеттік 120 лагерь бар, олардың да жағдайы нашар. Сондай-ақ балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға арналған бірыңғай ережелер мен талаптар енгізу қажет. Өйткені кейінгі кездері мекемелерде балалардың жарақаттануы, құқықтарының бұзылуы жиілеп кетті», - деп жазды Д. Зәкиева 

Уәкілдің айтуынша, Президент барлық саладағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелерді шешу үшін ата-аналармен, балалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, өңірлердегі бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен бірге жұмыс істеуді тапсырған.

Сондай-ақ, Д. Зәкиева балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны күшейтуді, бала қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті арттыру керегін айтты.


#заң, #қоғам, #бала