ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгеруші орынбасары лауазымына Жасұлан Сәрсебаев тағайындалды
Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жасұлан Сәрсебаевқа әріптестері құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, зор алғыстарын білдірді.

Мемлекеттік қызметте ұзақ жылдық тәжірибесі бар Жасұлан Бірлікұлы қарапайым маманнан бастап, бірқатар басшылық лауазымдарға дейін көтеріліп, ел игілігіне қызмет етті. Әсіресе, Абай облысының құрылу кезеңіндегі оның еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Әріптестері оған жаңа қызметінде табыс тілеп, сәттілік жолдас болсын деген лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл ауыс-түйіс туралы негізсіз мәлімет таратып жатыр. Алайда Жасұлан Сәрсебаевтың жаңа қызметке тағайындалатыны алдын ала белгілі болған.