Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады
Биыл қазақстандықтар мамырда төрт мерекені атап өтеді. Мерекеге орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
2026 жылғы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні биыл жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан – 1 мамырдан 3 мамырға дейін демалады.
Төрт жұмыс күнінен кейін, қазақстандықтар тағы бір мереке күтіп тұр. 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Бұл күн бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар тек бір күн ғана демалады.
9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл мереке сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында демалады.
Бұдан бөлек, биыл Құрбан айттың бірінші күні сәрсенбі, 27 мамырға түсіп тұр, бұл жұрт тағы бір күн демалады деген сөз.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамырда 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.
#мереке, #демалыс, #Қазақстан халқының бірлігі күні, #Жеңіс күні