Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басты: Президенттің бастамалары мен реформалары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген соңғы сұхбаты еліміздің дамуында жаңа кезеңнің басталғанын айқын көрсетті. Президент биыл ауқымды саяси өзгерістер мен экономикалық реформалар жалғасатынын атап өтті. Бұл – Қазақстанның жаңғыру жолындағы маңызды белес деп бағаланады,-дейді Үржар аудандық мәслихатының депутаты Зухра Турапова. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қоғамның бет-бейнесін түбегейлі өзгерту, азаматтардың жаңа дәуір талабына сай икемделуі – уақыт талабы. Мемлекет басшысы халқымыздың, әсіресе жастардың кез келген қиындықты еңсеруге қабілетті екеніне сенім білдірді.
2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау – еліміз үшін тарихи мүмкіндік болып отыр. Бұл бастама экономиканың барлық саласына серпін беріп, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің тиімділігін арттыруға жол ашады.
Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздігінің 35 жылдығы – өткенді саралап, болашаққа нақты жоспар құру үшін маңызды кезең. Мемлекет басшысы бұл айтулы датаны тек мерекелік науқанға айналдыру емес, елдің өсіп-өркендеуінің символына айналдыру қажеттігін атап өтті.
Абай облыстық мәслихатының депутаты Зухра Турапова Мемлекет басшысының бастамаларын «ел болашағы үшін жасалып жатқан жүйелі әрі маңызды қадамдар» деп бағалап, оларды дамуға, жаңғыруға және бірлікке бастайтын айқын бағдар деп сипаттады.
Қазақстанның жаңа даму кезеңі – елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда маңызды өзгерістерге бет бұруының көрінісі. Жастар мен барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен бұл бастамалар еліміздің гүлденуіне тың серпін береді.
#ҚР Президенті, #жастар, #жасанды интеллект, #цифрландыру