Қоғам 61 қаралымabaidan.kz

Шар қаласының дамуына 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Жарма ауданына қарасты Шар қаласында соңғыжылдары әлеуметтік-экономикалық дамуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жәнеқалалық инфрақұрылымды жаңғыртуғабағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атапайтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдардыжөндеу, білім беру және денсаулық сақтаунысандарын жаңарту, қоғамдық кеңістіктердіабаттандыру бағыттарына басымдық берілген.

Қала дамуының негізгі бағыттары 2023 жылыәзірленген әлеуметтік-экономикалық даму жолкартасы аясында жүзеге асуда. 2023 жылы Шар қаласында жалпы құны 575,8 миллион теңгеніқұрайтын жұмыстар орындалды. Оның ішіндеАмангелді көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп, орталық алаң абаттандырылды. Сонымен қатаршағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы мен воркаут аймағы орнатылды. Субұрқақ жөнделіп, қала мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарыатқарылды. Ал Абай атындағы мектеп-балабақшакешенінің ғимаратын күрделі жөндеуге 393 миллион теңге бағытталды.

Ал 2024 шаһардағы көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етумақсатында екі пәтерлі  жалға берілетін 11тұрғын үй сатып алынды. Бұл әлеуметтік қолдауды қажетететін азаматтардың баспана мәселесін шешугебағытталған маңызды қадам болды.

Жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары да жалғасын тапты. «Шар–Кезеңсу» автомобиль жолының 3,7 шақырымдық бөлігі мен Карелин көшесінің 3,3 шақырымдық учаскесіне орташажөндеу жүргізілді. Қала жолдары да жөндеуденөтті. Бұдан бөлек, қалаға кіреберіс жолдың аркаданкөпірге дейінгі 4,4 шақырымдық бөлігінде 152 көше жарықтандыру тірегі орнатылды.

Білім беру мен денсаулық сақтау салалары да назардан тыс қалған жоқ. Жарма технологиялықколледжінің шеберханасы мен жатақханасындажөндеу жұмыстары жүргізіліп, колледж аумағықоршалды. Қала мен оған іргелес ауылдардағыбірқатар мектептер жөнделді. Сонымен қатарТұрсынов атындағы орта мектеп ғимаратында өнермектебі ашылды. Қалалық аурухананыңматериалдық-техникалық базасын нығайту аясындаекі лифт орнатылып, жаңа туған нәрестелергеарналған аудиоскрининг аппараты мен таразысатып алынды. Әлеуметтік қызметтерорталығының бөлімшесі үшін инватакси алынды.

2025 жылы Шар қаласын дамытуға 1 миллиард 328,5 миллион теңге қарастырылды. Осы кезеңдетұрғын үй құрылысы мен сатып алу бағытындағыжұмыстар жалғасты. Көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларға арналған екі пәтерлі 16 жалғаберілетін тұрғын үй сатып алынды. Сондай-ақТеміржолшылар сквері абаттандырылып, Тұрғанбаев көшесінде балалар ойын алаңыорнатылды.

Қала тұрғындарының спортпен шұғылдануынажәне бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасаумақсатында Тұрғанбаев және Әлібасовкөшелерінде шағын футбол мен воркаут алаңдарынорнату жұмыстары аяқталды. Бұған қоса, қалажолдары жөнделіп, санитарлық тазалықжұмыстары жүргізілді.

Білім беру нысандарын жаңғырту аясында Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің аумағынақоршау орнатылып, Көшек негізгі мектебініңтерезелері, Карелин атындағы орта мектептіңшатыры жөнделді. Б. Тұрсынов атындағы орта мектеп пен мектеп жанындағы интернаттыңжылыту жүйесіне де ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2025 жылдың маңызды жобаларының бірі – қалалық Мәдениет үйін күрделі жөндеу болды. Бұлмақсатқа 407,2 миллион теңге бөлінді. Соныменқатар қалада бассейн құрылысы басталды. Өтпеліжоба ретінде жүзеге асырылып жатқан нысанқұрылысына 200 миллион теңге бағытталды.

Биыл да қаланың әлеуметтік және инженерлікинфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Биыл осы бағыттарға 1 миллиард 606,7 миллион теңге бөлінген. Қаланың орталық көшесінде аллея орнатылып, оған 138,2 миллион теңге жұмсалды. Субұрқаққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, Сарыарқаауылында шағын футбол және балалар ойыналаңдары салынды.

Жол жөндеу жұмыстары биылғы жоспардың негізгібағыттарының бірі болып отыр. Сарыарқаауылындағы 1,2 шақырым автомобиль жолынаорташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатарТәуелсіздік көшесінің 3,36 шақырымдық, Сүлейменов көшесінің 0,92 шақырымдық, Бигөзұлы көшесінің 0,86 шақырымдық және Қ. Әубәкіров көшесінің 0,78 шақырымдықучаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға жалпы 621,7 миллион теңгебөлінген. Бұдан бөлек, қала жолдарына ағымдағыжөндеу жүргізіліп, қоқыс шығару және рұқсатетілмеген қоқыс үйінділерін жою шараларыатқарылуда.

Білім беру саласында да жаңа жұмыстар қолғаалынған. Абай атындағы мектеп-балабақшакешенінің аумағында ойын, волейбол жәнебаскетбол алаңдары орнатылды. Қобдықов жәнеТұрсынов атындағы мектептердің ғимараттарында, сондай-ақ Карелин атындағы орта мектептіңшатырында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласында Шар қалалықауруханасының емханасы мен қабылдау бөлімініңжылыту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар қалада жаңа шағын футбол жәнебалалар ойын алаңдарын орнату жұмыстарыжалғасуда.

Шар қаласын дамытуға бағытталған қаржыландырукөлемінде оң динамика байқалады. Соңғыжылдардағы көрсеткіштер шаһардыңинфрақұрылымын жақсартуға және қала аумағындамытуға бөлінетін қаражаттың артып кележатқанын көрсетеді. Мәселен, 2023–2024 жылдарықаланы дамытуға бағытталған қаржы көлемі 2 млрд 197,6 млн теңгені құраса, 2025–2026 жылдары бұлкөрсеткіш 2 млрд 935,3 млн теңгеге жеткен. Осылайша, қаржыландыру көлемі 33 пайызғаөскен.

Сонымен қатар, биыл да оң өсім тіркеліп отыр. Егер 2025 жылы Шар қаласын дамытуға 1 млрд 328,5 млн теңге бөлінсе, 2026 жылы бұл сома 1 млрд 606,7 млн теңгеге дейін артқан. Нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырукөлемі 21 пайызға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер Шар қаласын дамытуға бағытталған жұмыстардыңқарқын алып, қаланың әлеуметтік жәнеинфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға басымдықберіліп отырғанын аңғартады.

Жыл сайын Шар қаласы жаңарып, көркейіп келеді. Соңғы үш жыл ішінде шаһардың әлеуметтік жәнеинженерлік инфрақұрылымында айтарлықтай оңөзгерістер болды. Жөнделген жолдар, жаңарғанмектептер мен әлеуметтік нысандар, абаттандырылған қоғамдық орындар, жаңа спорт алаңдары мен тұрғын үй жобалары – осы өзгерістердің нақты көрінісі. Бұл жұмыстар қалатұрғындарының күнделікті тұрмысына қолайлыжағдай жасап, Шардың болашақтағы дамуынаберік негіз қалыптастырып отыр.

Бүгінде Шар қаласының даму бағыттарытұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, әлеуметтік нысандардың жағдайын көтеруге жәнеқолайлы қалалық орта қалыптастыруға негізделген. Жолдарды жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру мен медицина нысандарын жаңарту, спорттық және қоғамдық кеңістіктерді дамыту – елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінарттыруға ықпал ететін маңызды шаралар.

Алдағы уақытта жоспарланған жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асуы Шар қаласыныңинфрақұрылымын одан әрі жақсартып, тұрғындарүшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек.