Наурыз айының 1-і күні «Ақшың» сауда үйі қызметін жалғастырады
Наурыз айының 1-і күні «Ақшың» сауда үйі қызметін жалғастырмақ,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Бұл туралы "Ақшың" корпорациясының Президенті Марат Құрманбай мәлімдеді.
Халықты азық-түлікпен қамту үнемі алдыңғы орында тұратыны белгілі. Ет саудасы бұрынғыдай жандана бастайды. Азық-түлік өнімдерін саудалаумен айналысатын кәсіпкерлерге де мүмкіндік туады. Қазір бірінші қабаттағы сауда орындары дайын тұр. Біртіндеп жоғарғы қабаттардағы сауда нүктелерін де пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз,-деді Марат Құрманбай.
#Абай облысы, #Ақшың корпорациясы