«Ақшың» сауда орталығы жұмысын бастады

«Ақшың» сауда орталығы жұмысын бастады

Бүгін Рамазан айының алғашқы күнінде және Алғыс айту күні “Ақшың” СҮ жұмысын қайта бастады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Қалалықтар үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Жарапазан айтқан жастардың, саудасын бастаған кәсіпкерлер мен сауда үйінің ашылуын асыға күткен халықтың көңіл-күйі ерекше. «Ақшың» сауда орталығы Тәуелсіздіктің алғашқы кәсіпкерлік нысандарының бірі. Өкінішке орай, былтыр «Ақшың» өртке оранып, көптеген адамның кәсіптері күлге айналған болатын. Қасиетті айда сауда үйі тұрғындар үшін есігін айқара ашты. 

”Ақшыңды” дәл осы күні ашуымның себебі,қасиетті айлың алғашқы күнінде сауда үйіне қайтып келген кәсіпкерлерге «Алғыс күнінде» алғысымды айту. Бір-бірімізге қолдау көрсету. Қазір ет, ұлттық тағам өнімдері, киім - кешек бөлімдері жұмыс істеп тұр. Әлі де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жақын арада 2-ші,3-ші қабаттың кей бөліктерінің жұмысын жандандырамыз,- деді «Ақшың» сауда орталығының Президенті, Абай облысы мәслихатының депутаты Марат Құрманбай.


#Семей, #Ақшың корпорациясы