Облыс әкімі Семейдегі кәсіпорындарда болды

Облыс әкімі Семейдегі кәсіпорындарда болды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында әуелі «KONDIZ» ЖШС-не барды. Серіктестік 2013 жылы іске қосылған. Кондитерлік фабрика – еліміздегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Негізгі бағыты – кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру. Өндірістік қуаты – жылына 22 мың тонна. Бүгінгі таңда зауытта 100-ден астам түрлі печенье шығарылады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Грузия және Қытай еліне экспортталады.

Облыс әкімі кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, жергілікті әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Аймақ басшысы «Alina Group» ЖШС жұмысымен де танысты. Бұл – құрылыс индустриясындағы ірі отандық холдинг. Семейдегі филиалы өңірді құрғақ құрылыс қоспалар мен әрлеу материалдарымен қамтамасыз етіп келеді.

Кәсіпорын 2004 жылы құрылған. Мұнда 398 адам еңбек етеді. Өндірістік қуаты айына 24 мың тонна өнім шығаруға жетеді, ал шикізатты өңдеу көлемі айына 10 мың тоннаны құрайды.

Аймақ басшысы өндіріс орынын аралап көріп, нысанның өңір экономикасын дамытудағы маңызын атап өтті.


#Семей, #Абай облысы, #кәсіпкерлік, #шағын және орта кәсіпкерлік