Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті

Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті

Қазақстан «волонтер болам, қоғамдық іспен айналысам» деген әрбір азаматты қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында айтты.

- Қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты.Қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол.Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын. Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды. Сондықтан еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталайын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді

- Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек.Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр.Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек.Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын, - деді содан соң Президент.

Айта кетейік, Президент волонтерлерге қазақтың мейірбан ұлт екенін іс жүзінде көрсетіп жүргендерін айтты.


#ҚР Президенті, #форум, #еріктілер