Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Шара мақсаты - өңірлердің тұрақты дамуы үшін ESG принциптерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру, аймақтағы көміртекті офсет жобаларын әлеуетті дамыту мәселелерін талқылау және қалдықтарды басқару әдістерін жетілдіру мен ОҚТ-ны тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін саралау.  

Форумға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреағалиев, Экология министрлігі, Энергетика министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі өкілдері, Мәжіліс депутаттары, табиғат пайдаланушы компаниялар, салалық қауымдастықтар, агенттіктер, үздік сарапшылар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 


#Экология