Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 34 қаралымabaidan.kz

Семей қаласының әкімі Подхозная көшесінің тұрғындарымен кездесті

Семей қаласының әкімі Подхозная көшесінің тұрғындарымен кездесті

Тұрғындарды қабылдау барысында Подхозная көшесінің тұрғыны өзекті мәселелерді көтерген болатын. Осыған байланысты қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарға берген уәдесіне сәйкес аталған көшеге арнайы барып, жергілікті халықпен кездесті.

Семей қаласының әкімі Подхозная көшесінің тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында тұрғындар көше жолының жай-күйі мен жарықтандыру мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, жолдың ой-шұңқыр болуы көлікпен де, жаяу жүргіншілерге де қиындық туғызады. Сонымен қатар, көшеде жарықтың жоқтығынан кешкі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық бар екені айтылды.

Семей қаласының әкімі Подхозная көшесінің тұрғындарымен кездесті
Семей қаласының әкімі Подхозная көшесінің тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі жауапты бөлімдерге көшеге тегістеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ жарықтандыру жүйесін орнату бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ кездесу барысында тұрғындар әлі күнге дейін орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмағандарын жеткізді. 
 

«Ең алдымен, орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған барлық үйлердің нақты тізімін жасау қажет. Жауапты бөлімдер мен коммуналдық мекеме мамандары әрбір тұрғынның үйіне барып, жағдайды зерделесін. Соның нәтижесінде қажетті жобаны әзірлеу керек. Бұл мәселе бақылауда болады», – деді Әділет Нұрсағатұлы.