Семейде  қатты желден бас шырша құлап қалды

Семейде қатты желден бас шырша құлап қалды

Семейде қатты желден орталық алаңдағы бас шыршаны құлап қалды, деп хабарлайды abaidan.kz. Әлеуметтік желілерде желдің қатты екпінінен аймақтың бас шыршасы қалай құлағаны туралы видео тарады.  Қалалық әкімдік фактіні растап, мердігер ұйымның оқиға орнына аттанғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жасыл конструкцияны бөлшектеу жұмысы жүріп жатыр. Оқыс жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, шыршаны салтанатты жағу рәсімі өткен жылдың 20 желтоқсанында өткен еді.

Биіктігі — 19 метр, оны безендіруге 2000 метр жарықдиодты гирлянда  мен 100-ден астам ойыншық қолданылған.

Шыршаның жанында Аяз ата мен Ақшақардың мүсіні орнатылған. 


#Семей, #шырша, #жаңа жыл