Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 48 қаралымabaidan.kz

Семейде «Семей Водоканал» МКК жұмысының қорытындылары таныстырылды

Семейде «Семей Водоканал» МКК жұмысының қорытындылары таныстырылды

 Семейде «Семей Водоканал» МКК-ның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаның орындалуына арналған баспасөз туры өтті. Шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, кәсіпорын қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. «Семей Водоканал» МКК Семей қаласын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Семейде «Семей Водоканал» МКК жұмысының қорытындылары таныстырылды

 Кәсіпорын қызметін 110 мыңнан астам тұтынушы пайдаланады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтау қызметтерінің нақты көлемі 7,7 млн м³ болып, жоспардан 15,7%-ға артты. Су бұру қызметтері бойынша көлем 5,6 млн м³-ге жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 26%-ға жоғары болды.

Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен кірісі 2,14 млрд теңгені құрады. Өндірістік шығындар 2,05 млрд теңге болып, кезең қорытындысында 90,9 млн теңге қаржылық нәтиже қалыптасты.

Инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Төрт жылжымалы шеберхана және 25 тонналық автокран сатып алынды. Сонымен қатар «Большой» су алу құрылғысын жаңғырту және суды залалсыздандыруға арналған электролиз қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап сумен жабдықтау қызметінің орташа тарифі ҚҚС-сыз 135,02 теңге/м³, халық үшін — 61,17 теңге/м³. Су бұру қызметінің орташа тарифі — 119,30 теңге/м³, халық үшін — 51,68 теңге/м³.

Семейде «Семей Водоканал» МКК жұмысының қорытындылары таныстырылды

Баспасөз туры кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерімен, тарифтік сметалардың орындалуымен және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарымен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар табиғи монополия субъектілерінің қызметіндегі ашықтықты арттырып, тұтынушыларды қаражаттың жұмсалуы мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттандыруға ықпал етеді.