Семейде тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шара өтті

Семейде тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті “Семей” шекара басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің әскери қызметшілерінің ұйымдастыруымен тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер орындап, домбырамен күй тартты. Жиналған қауымға соғыс ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, сол кезеңнің ауыртпалығы мен ерлікке толы сәттері туралы әңгімеледі.

Іс-шара соңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті “Семей” шекара басқармасының тәрбие, идеологиялық және кадрлар бөлім бастығының орынбасары, подполковник Нұғрыбеков Азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының атынан ардагерлерге алғыс грамоталарын табыстады.

Бұл іс-шара жастардың патриоттық рухын көтеруге, ел қорғаушыларын құрметтеуге және тарихи оқиғаларды ұмытпауға бағытталған маңызды қадам болды.


#Семей, #Абай облысы, #ҰҚҚ