Семейде «ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» фестивалі өтті

Семейде «ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» фестивалі өтті

Бүгін Семей қаласында шомылу маусымының ашылуына арналған «Жағалау Fest – 2026» фестивалі ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік іс-шаралар бір мезгілде қаланың үш демалыс аймағында – Қалалық, Затон және Заря жағажайларында өтті. Фестивальдің басты мақсаты – тұрғындардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық демалыс мәдениетін дамыту.

Іс-шара аясында балаларға арналған ойын-сауық алаңдары жұмыс істеп, аниматорлар түрлі бағдарламалар ұсынды. Сондай-ақ қатысушылар көңілді флешмобтарға, эстафеталарға және белсенді ойындарға қатысты. Спорт сүйер қауым үшін ұлдар мен қыздар арасындағы командалардың қатысуымен жағажай волейболы  ұйымдастырылды.

Фестивальдің ерекшелігің бірі – жастар мен балалардың қызығушылығын тудырған көбік кеші болды. Жағажайда жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


#Семей, #демалыс