Семей қаласында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы 5 қазаннан бастап басталады.
Бұл туралы Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Әкімдік қаулысына сәйкес, жылыту маусымының басталуына байланысты жылу беру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Одан кейін тұрғын үйлерге, әкімшілік және өндірістік ғимараттарға жылу кезең-кезеңімен қосылады,-делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйелерін іске қосуға қажетті шаралар қабылдануда.




