Семей қаласының күзгі әскерге шақыруаясында мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың алғашқы легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Шығарып салу рәсімі Семей қаласының Геологиялық барлау колледжінде ұйымдастырылды.



Болашақ отан қорғаушыларды шығарып салу рәсіміне жергілікті атқарушы орган өкілдері, ардагерлер, әскери қызметкерлер және сарбаздардың ата-аналар және колледж студенттері қатысты. Жиынға қатысушылар жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеулеріне сенім білдірді.
Шара барысында сөз алғандар әскери қызметтің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, тәртіп, жауапкершілік және партиотизм әрбір сарбаз үшін басты қағидат болуы тиіс екенін жеткізді.
Айта кетейік, күзгі шақырылымның алғашқы легімен аттанған сарбаздар мерзімді қызметтерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында өтейтін болады.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі





