“Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” тас жолы толықтай қолданысқа беріледі.
Республикалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 352 шақырымы Абай облысының территориясында орналасқан.Бұл туралы жол активтері сапасының РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz хабарлайды.
Әбден тозығы жеткен учаскеде 2016 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Жөндеу жұмыстарына 196,3 миллард теңге бөлінген. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы қазір 700-ге жуық техникамен 1250 адамды жол құрылысына жұмылдырған. Республикалық маңызы бар тас жолдың құрылысы биыл толық аяқталмақ.
Бірақ қазірдің өзінде қайта жаңғырту жүргізілген автомобиль жолының көп бөлігінде асфальтбетон жабындары жаңартылып, қозғалыс ашылған. Жөнделген жол бөліктерінің сапасын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” бақылауға алған. Ұлттық компанияның Абай облысындағы филиалы жаңа салынған асфальт жабындарының талапқа сай келетіндігін үнемі тексерістен өткізіп отырады. Жол салуға қолданылатын материалдардың сапасы да қатаң бақылауда-дейді мамандар.
#жол, #Қазақстан, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"