«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына шақырады
«Түркітілдес журналистер қоры» Алматы қаласында ұйымдастыратын ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына шақырады. Басты мақсат – түркі мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, өзара тәжірибе алмаса отырып, кәсіби білікті шыңдау және келешекте дәстүрлі журналистика мен жаңа медиа саласына қатысты ортақ жобаларды жүзеге асыру.
Медиа форумның қатысушылары: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Нидерланд, Ұлыбритания т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің декандары мен студенттері.
Мекенжайы: “Regardal hotel”, Пожарский, 1. Алматы. Уақыты: 4 желтоқсан 2023 жыл. Басталуы: 09.30 (Астана уақытымен).
#медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры, #ФорумАлматы