Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 47 қаралымabaidan.kz

Абай облысында жарты жыл ішінде 157 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Абай облысында жарты жыл ішінде 157 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бағытындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.


Есепті кезеңде 12 бақылау іс-шарасы (7 жоспарлы және 5 жоспардан тыс тексеру) жүргізіліп, олардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың 12 165 бұзушылығы анықталды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілген қашықтықтан байқау барысында 2 861 бұзушылық анықталды. Осылайша, барлығы 15 026 заң бұзушылық тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 159 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде:
5 – жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде;
2 – жолданымдарды қарау барысында;
152 – қашықтықтан мониторинг нәтижесінде.


Тексерулер мен байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетушілерге 41 ұсыныс енгізіліп, олардың барлығы толық орындалды. 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту және қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері бойынша 3 лауазымды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Хаттамалар негізінде жалпы сомасы 237 875 теңге көлемінде айыппұл салынып, бюджетке толық өндірілді.
Есепті кезеңде Департаментке мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 87 жолданым келіп түсті. Оның ішінде 7 жолданымның уәждері расталып, азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, 61 жолданым бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
 

Заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында есепті кезеңде 107 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның ішінде семинарлар, тікелей эфирлер, интернет-конференциялар, қоғамдық кеңестердің отырыстары, біліктілікті арттыру курстары және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі аясында 2 отырыс өткізіліп, мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған 13 ұсыным енгізілді. Барлық ұсынымдар толық орындалды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестермен бірлесіп мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері қаралып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 20 ұсыным әзірленді.


Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.