Жаңасемей ауданын дамыту бағдарламасы талқыланды
Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Базарбаев ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, халықтың өтініштерін орындау бойынша жұмыс жоспарын талқылады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі бұған дейін ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесті. Ұсыныс-тілектерін тыңдап, ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан халқының сұрақтарымен іс-шаралар жоспары дайындалды.
Көкентеу, Шақаман, Озерки ауылдық округтерінде тұрғындарының өтініші бойынша дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге дайындық жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстар мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Құжаттар дайын болған соң республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жіберіледі.