Жұмыспен қамту: биыл 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Жұмыспен қамту: биыл 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 46,9 мың адам қамтылды, 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жұмысқа ораналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 1,6 мың адам, жастар практикасында 894 адам, қоғамдық жұмыстарда 16,5 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 730 000 теңге) 9 мың грант беру жоспарланды.

Ведомствоның мәліметінше, еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 13,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 9,8 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алған.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 2,7 мың адам оқуды аяқтаған.

Кәсіптік оқытуға 10 мың адам жіберу жоспарланған.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

2026 жылғы 1 наурызда Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос жұмыс орындарына 19,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Ал былтыр Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылғаны хабарланды.

kaz.inform.kz


#Жұмыспен қамту