Журналистер жасанды интеллектпен жұмыс жасады
Алматы қаласында ІІІ Халықаралық Түркітілдес журналистер қорының медиа форумы аясында медиатренер Мейіржан Әуелханұлы «Жасанды интеллектті журналистикада пайдалану» тақырыбында журналистерге дәріс берді. Бүгінде өте өзекті жаңашылдық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Тәжірибелік семинар-тренингте түрлі сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді. Қатысушылар сурет пен видео өңдеуде де көп нәрсені үйренді. Жасанды интеллекттің пайдасы мен зияны туралы да айтылды.
Негізінен жасанды интеллект тәжірибе үшін маңызды. Себебі, ол мәселелерді шешуге, алдағы уақытты жоспарлауға, білім алуға, жаңа жағдайларды импровизациялау мен жаңа нәрселерді үйренуге көмектеседі.
Жасанды интеллект күнделікті өмірде кеңінен қолжетімді. Смартфондағы Алиса, Siri немесе Google дауыстық көмекші қосымшалар соған дәлел. Тағы ChatGPT, Google Bard сияқты жасанды интеллект чатботтар қолданысқа енді.
Кез келген технологиялық прогрестің әрқашан оң және теріс жағы бар. Сондықтан да пайдасы мен зияны жөнінде, артықшылығы мен қауіпі турасында пікір көп.
Жалпы айтқанда, бұл шараның қатысушыларға үйретері көп болды.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар бейне материалдар арқылы берілген психологиялық тапсырмаларды талдап, топтық және жекелей жұмыстар жасады. Одан бөлек, бүгінгі күні танымал, әрі сұранысқа ие технология – жасанды интеллектпен жұмыс істеу, тәжірибеге енгізуді меңгерді.
#түркітілдесжурналистерқоры, #ФорумАлматы