Журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту маңызды

Журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту маңызды

«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ МЕДИА НАРЫҚ» отырысында қатысушыларды әлем елдеріндегі түрлі оқиғалардың БАҚ-қа ықпалы ерекше қызықтырды. Көріп отырғанымыздай қазір геосаяси жағдай түркітілдес елдердің медиа саласына қатты әсер етіп жатыр.

Санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер және журналистер үшін жаңа сынақтар бөлшектенумен, жалған ақпараттың өсуімен және тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшеюімен сипатталатын жаңа медиа ландшафтты қалыптастырып отыр. Осы сын-қатерлерді еңсеру үшін журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту, халықтың медиасауаттылығын дамыту және тәуелсіз БАҚ-ты қолдау қажет.

Мұнда отандық және шетелдік мамандар ақпараттық ағынның өзгеруіне кеңінен тоқталды. Медиа кеңістіктің бөлшектенуі: геосаяси ахуалдың ширығуы медиа кеңістіктің бөлшектенуіне әкеп соғады. Салдарынан пропаганда мен манипуляцияға бейім ақпараттық алаңдардың пайда болады. Бұл шынайы ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасайды. Дезинформацияның артуы: ақпараттық соғыс жағдайында дезинформация мен фейк ақпараттар күшейеді. Бұл журналистерге нақты ақпарат пен «аңыздарды» ажыратуда қиындық келтіреді.

Әлеуметтік желілердің қоғамдағы ықпалының артуы: әлеуметтік желілер бүкіл әлем үшін өте маңызды дереккөзге айналған. Бірақ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жиі тарайды, ақпараттық манипуляция жиі жасалады. Бұл – БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда еркін жұмыс істеуіне кедергі.

Сондықтан қылышсыз майданда бұқаралық ақпарат саласының мамандарына әрбір ақпарат ағынына мұқият болып, алдына келген кез келген мәліметті синтездеудің маңыздылығы туралы барынша сөз болды.


#Алматы, #медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры