Журналистикадағы жасанды интеллект пен медиаэтика

Журналистикадағы жасанды интеллект пен медиаэтика

Абай облысында жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған “Журналистикадағы жасанды интеллект және медиаэтика” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шара Түркітілдес журналистер қорының бастамасымен, Halyk Bank-тің серіктестігімен жүзеге асырылып жатқан “Halyk-пен қаржылық сауат” жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында журналистер заманауи медиа құралдарын қолдану, YouTube монетизация, жасанды интеллекттің көмегімен контент, сайт жасау, видеомонтаж және мәтіндерді түрлі шет тілдерге аудару секілді өзекті тақырыптарды меңгеріп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Шараның мақсаты — ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілетті, техникалық тұрғыда қаруланған және этикалық нормаларды ұстанатын журналистер қатарын көбейту.


#Семей, #Түркітілдес журналистер қоры, #жасанды интеллект