Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 723 қаралымabaidan.kz

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен VI халықаралық журналистер форумы аясында журналистер арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтті.

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген журналистер қатысты. Қатысушылар тоғызқұмалақ ережелерін сақтай отырып, әр турда бір-бірімен мықтылығын сынады.

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Шараның басты мақсаты – журналистердің интеллектуалды дамуына мүмкіндік беру, ұлттық ойындар арқылы мәдени байланыстарды нығайту және кәсіби ортада достық атмосфера қалыптастыру болды.

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Форум қатысушылары сайыс барысында тек жеңіске жетуді ғана емес, ойынның тарихы мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді де басты мақсат еткендерін атап өтті.

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында бірінші орынды «Хабар» телеарнасы Алматы филиалының продюсері Гүлжан Қызайбай жеңіп алды. Екінші орынға Семей қаласының блогері Ақнұр Қайратқызы ие болса, үздік үштікті Салтанат Қажыкен түйіндеді. Төртінші орын Алматы қаласының студенті Томирис Маратқызына бұйырды.

Ерлер арасында үздік нәтижені Sportpress.kz сайтының өкілі Нұрлан Құмар көрсетті. Одан кейінгі орындарды Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Тұрар Ғабдырашитұлы мен Алматыдан келген ТТЖҚ медиатренері Ерсұлтан Хожалепес иеленді. Төртінші орынға «Сыр медиа» ұжымының өкілі, қызылордалық Мақсұт Ибрашев лайық деп танылды.

Барлық жүлдегерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, ұйымдастырушылардың алғыс хаттары берілді.

Журналистер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Қор президенті Нәзия Жоямергеннің айтуынша биылдан басталған бұл сайыс   дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын болады.