Конституциялық реформалар – отандық өндірістің жаңа мүмкіндіктері
Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздің құқықтық және қоғамдық дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Конституция – мемлекетіміздің басты заңы ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығын және экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін негізгі құжат. Сондықтан оның қағидаттарының іс жүзінде жүзеге асуы елдегі бизнес қауымдастық үшін де ерекше маңызға ие,-дейді Ұлттық өнімдер өндіретін компанияның директоры Раушан Мұқажанова.
Ұлттық өнім өндіруші компания ретінде біз заң үстемдігіне, әділдік қағидаттарына және жеке меншік құқығының қорғалуына негізделген құқықтық ортаның қалыптасуын жоғары бағалаймыз. Бизнестің тұрақты дамуы үшін ең алдымен болжамды әрі ашық құқықтық жүйе қажет. Бұл кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді жоспар құруына, өндірісті кеңейтуіне, жаңа технологияларды енгізуіне және жұмыс орындарын көбейтуіне мүмкіндік береді.Бүгінде отандық өндірісті дамыту – еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудың маңызды бағыты. Біз қазақстандық шикізатты пайдаланып, сапалы ұлттық өнім шығару арқылы ішкі нарықты қамтамасыз етуге және отандық брендтердің әлеуетін арттыруға үлес қосып келеміз. Конституциялық құндылықтарға негізделген тұрақты мемлекеттік саясат өндіріс саласына инвестиция тартуға, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ жаңа өндіріс орындарының ашылуына оң ықпал етеді деп сенеміз.Сонымен қатар, жаңа конституциялық қағидаттар қоғам мен бизнестің өзара сенімін нығайтып, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы ашық әрі сындарлы әріптестікті дамытуға жол ашады. Бұл өз кезегінде экономиканың әртүрлі саласында тиімді шешімдер қабылдауға және отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Біздің компания үшін басты міндет – тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз ұлттық өнім ұсыну, өндірісті үздіксіз жаңғырту және қазақстандық өнімнің беделін көтеру. Біз еліміздегі реформаларды қолдай отырып, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қоса береміз. Конституцияда айқындалған заңдылық, әділдік және жауапкершілік қағидаттары еліміздің болашақтағы өркендеуінің берік негізі боларына сенімдіміз. Осындай құндылықтарға сүйене отырып, отандық өндіріс жаңа белестерді бағындырып, Қазақстан экономикасының тұрақты өсіміне өз үлесін қоса береді,-дейді компания директоры.
#экономика, #Конституция, #Адал Ас