Жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жаңа Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында «Приречное» агрофирмасы» ЖШС алаңында және №12 бастауыш партия ұйымының мүшелерімен мазмұнды кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара еңбек ұжымы өкілдерінің белсенді қатысуымен ашық диалог форматында өтті.

Кездесуге спикерлер Еркен Сағандықов пен Эльмира Жүрсінбекқызы қатысып, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Еркен Сағандықов өз сөзінде Жаңа Конституцияның қоғам сұранысына жауап беретін, ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті. «Жаңа Конституция – халықтың үні мен мүддесін ескеруге бағытталған стратегиялық қадам. Әрбір өзгеріс азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, елдің тұрақты дамуына негіз қалайды», – деді ол.
Өз кезегінде Эльмира Жүрсінбекқызы конституциялық реформалардың әділетті қоғам қалыптастырудағы айрықша маңызын атап өтті. Конституциялық реформалар – заң үстемдігін нығайтып, мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға бағытталған нақты тетік. Бұл – әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына жол ашатын бастама», – деді спикер.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қатысушылар Жаңа Конституцияда көзделген өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, азаматтардың саяси қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және өңірлік дамуды қолдауға бағытталғанын атап өтті.

Жиын мазмұнды әрі сындарлы жағдайда өтіп, қатысушылар тарапынан Жаңа Конституцияға қолдау білдірілді.
#Абай облысы, #Жаңасемей, #Референдум, #Конституциялық реформа