Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бүгінгі Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", – делінген Тоқаевтың құттықтауында.

 Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.


#ҚР Президенті