Президент Иордания халқына қолдау мен тілектестік білдірді

Президент Иордания халқына қолдау мен тілектестік білдірді

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

— Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді. Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті, — делінген хабарламада.


#ҚР Президенті