Экология 83 қаралымabaidan.kz

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан күндері облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Шара Жаңасемей ауданына қарасты Крупское ауылы маңында өтті. Өзенге жіберілген шабақтардың 8 мыңы – салмағы кемінде 150 грамм болатын бір жылдық балықтар, ал 14 мыңы – биыл өсірілген, салмағы кемінде 20 грамм болатын шабақтар. Балықтандыру жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінде орналасқан «Ost Fish» ЖШС балық өсіру кәсіпорнының қатысуымен жүзеге асырылды.

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Сібір бекіресі – су экожүйесі үшін маңызы зор, қорғауды және табиғи популяциясын қалпына келтіруді қажет ететін бағалы балық түрі. Мұндай жұмыстар өзендегі балық қорын толықтыруға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және су биоресурстарының табиғи өсіміне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2023 жылдан бері балықтандыру жұмыстарын жыл сайын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл бастамалар су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға және өңірдің табиғи байлығын қорғауға үлес қосады.«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылған бұл шара табиғи ресурстарды сақтау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.