Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
ҚР Президенті 56 қаралымabaidan.kz

Президент: Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын

Президент: Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыра алатынына сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
 

— Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз — тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары — білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! — деді Қазақстан Президенті. 

Жиында ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Ли Лэчэн, СITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа, 01AI компаниясының бас директоры Ли Кай-Фу, Huawei Technologies компаниясы байқаушылар кеңесінің мүшесі, қоғаммен байланыс және корпоративтік коммуникациялар департаментінің президенті Ван Цзяньфэн, Agibot компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, бас операциялық директоры Цзян Циньсун, Goldcard Smart Group компаниясының басқарма төрағасы және президенті Ян Бин, Ningbo Hoshine Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ло Лиго, YTO Express компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Хуэйцзяо, Xinjiang Lihua (Group) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай сөз сөйледі.

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде тәжірибесі мол екенін ескеріп, жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды.

Лу Вэйбин корпорацияның стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. 

Xiaomi басшылығы Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар күрделі ЖИ-жүйелерге қызмет көрсету үшін жергілікті мамандарды даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Бұл ретте Президент еліміздің электромобиль, аккумулятор өндірісін жолға қоюға, сондай-ақ интеллектуалдық көлік жүйелерін дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Xiaomi компаниясының Қазақстан нарығында қызмет аясын кеңейтуге және ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдауға дайын екенін растады.