Абай облысындағы шағын және орта бизнес: Жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

Абай облысындағы шағын және орта бизнес: Жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

Аймақта шағын және орта бизнес қарқынды дамып, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны да, өндіріс көлемі де жылсанап артып келеді. Бұл туралы брифингте облыс бойынша жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Абай Мұрат Маликаждар өз сөзінде айтып өтті.

– 2024 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 54 мыңға дейін өсті. ШОБ субъектілері 103 мың адам үшін жұмыс орнына айналды. Өнім 444 млрд теңгеге өндірілді. Осы сандар біздің өңірдегі кәсіпкерлік қызмет жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді. Кәсіпкерлік ахуал біздің ведомствоға байланысты, сондықтан біз бизнес қызметіне оң әсер ететін көптеген қызметтер көрсетеміз, - деп атап өтті Мұрат Маликаждар.

Ол сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары туралы айтты.

- Аймақта бизнес үшін арнайы әзірленген бірнеше бағдарламалар бар. Мысалы, 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттық қаражат бағдарламасы бар. Мұндағы гранттар әлеуметтік кәсіпкерлерге беріледі. Гранттарды бөлуге тек осындай кәсіпкерлер мен "бір ауыл – бір өнім" жобасының финалистері қатыса алады. Бағдарламаның шарттары өзгеріссіз қалады. Өткен жылы ұтыс ойынына 29 адам қатысып, оның 23-і гранттық қаражат алды. Биыл осы мақсат бойынша 110 млн теңге бөлінді, - деп қоса кетті спикер.

Сонымен қатар, Мұрат Маликаждар қаржылық қолдау бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті.

- Кепілдік беру бағдарламасы бар. Егер кәсіпкерге өзінің кепілдіктері, қаржысы жетіспесе, онда мемлекет банк алдында 50-ден 85% - ға дейін кепілдік береді. Бұдан бөлек, біз "Даму" қорымен бірлесіп әзірлеген "Қамқор"өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның ерекшелігі - "Даму" Қоры қаржыландырмайтын экономиканың белгілі бір секторлары бар және ол дәл осындай бизнес субъектілерін қамтиды, - деп атап өтті Мұрат Маликаждар.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешетін бизнес субъектілерін қамтиды. Олар 4 санатқа бөлінеді: халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту, қалған 3 санат халықтың осындай топтарына арналған қызметтерді, тауарларды қамтиды.


#Абай облысы, #экономика, #шағын және орта кәсіпкерлік