Тоқаев Алматыға ұшып келді

Тоқаев Алматыға ұшып келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап. 

Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің ұшағы Алматыға қонған сәтінен видео жариялады. Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.


#заң, #Абай облысы, #Полиция