Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.

"Парасат" орденімен

  • Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері
  • Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ профессоры
  • Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ қауымдастырылған профессоры;

"Құрмет" орденімен

  • Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бас консультанты
  • Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – "Гидробиология және экология институты" мекемесінің директоры
  • Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жетекші ғылыми қызметкері
  • Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Генетика және физиология институты" РМК зертханасының меңгерушісі
  • Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "OtarBioPharm" ЖШС директоры
  • Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Зоология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі "А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ профессоры
  • Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
  • Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы;
  • Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "OtarBioPharm" ЖШС кіші ғылыми қызметкері;
  • Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі;
  • Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС хлорлау станциясының операторы;
  • Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" КеАҚ PhD докторы
  • Сәрсенбекұлы Бауыржан – "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ қауымдастырылған профессоры;
  • Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі;

"Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы берілсін

  • Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі;
  • Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері.

#ҚР Президенті, #марапат, #ғалым