Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты жазба жариялады

Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты жазба жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. "Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", - деп жазды президент. 


#ҚР Президенті