Аграрлық салаға ғылыми көзқарас қажет

Аграрлық салаға ғылыми көзқарас қажет

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында  еліміздегі атқарылып жатқан шаралардың оңтайлығы жөнінде, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бір қатар жақсы жаққа қарай дамып келе жатқандығын атады. Сондай-ақ мемлекетімізде көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешу қажеттілігіне тоқталып өтті.  Ел экономикасында кәсіпкерлікті, сыртқы экономиканы, өнім өндірісін дамыту және  ауылшаруашылық саласына жаңа серпін керектігі айтылды.

-Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.

Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз,- деді мемлекет басшысы.

Қазір мемлекет экномикасындағы маңызды сала ол ауылшаруашылық саласының жаңа сипатта дамуы болып отыр. Себебі бұрынғы қалыптасқан үрдістер қазір заман талабына сай келмей жатқан тұстары бар.

-Экономиканы дамытуға үлес қосатын сала - қайта өңдеу өнеркәсібі. Соның ішіне Қазақстанның негізгі байлығы астық, ет, сүт,ауылшаруашылық өнімдері кіреді. Бұрын біздің облыста болған ет өңдеу, тері өңдеу заводтарын қазір қайта жандандыру керек деп ойлаймын. Қазір  ауылшаруашылықты  дамыту үшін жаңа ғылыми көзқарас қажет. Ол үшін ғылыми жаңалықтарды аргаралық салаған енгізуіміз керек. Экономисттердің мәліметі бойынша жұмыскерлер саны жүзден асатын кәсіпорындар бар. Оны одан әрі көбейту  өте маңызды. Президентіміз жолдауда айтқандай ғалымдар өнеркәсіпті дамытуға жаңашылдық енгізу керек,- дейді   техника ғылымдарының кандидаты, профессор  Құмарбек Әмірханов.

Ауылшаруашылық саласын жан-жақты   дамытуды қолдаған дұрыс. Жаңадан кәсіпорындар ашып, өнімдерді сырттан алдыртпай, өзімізде өндіру қазір өте маңызды болып отыр.  Мемлекет экономикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты жұмыстар керек.


#Ауылшаруашылық