Облыс әкімі шығармашыл жастармен кездесті

Облыс әкімі шығармашыл жастармен кездесті

Аймақ басшысы «Не кипишуй» және «Қыздар Емес» КВН командаларының мүшелерімен кездесу өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Кездесуде Нұрлан Ұранхаев «Қыздар Емес» командасын «Жайдарман-2023» ойындарында чемпион болуымен құттықтады.
 


Екі команда өкілдері өңірдегі креативті индустрияны дамытуға бағытталған бастамамен бөлісті. Ұсыныстың бірі мәдени кеңістікті кеңейтуге жәнежергілікті таланттарды қолдауға бағытталған облыс аудандарына гастрольдік сапар туралы болды.


Сонымен қатар, жиында облыста шығармашылық іс-шаралар орталығына арналған шығармашылық хаб құру идеясы ұсынылды. 

Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев бұл идеяны қолдайтынын айтып, облыста өнерлі жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.


#Абай облысы, #жастар, #Абай облысының әкімі